Алматыда Балаларды қорғау күні қалай аталып өтеді
10.04.2025 16:49:57 231Мерекелік шеру сағат 10.00-де Жібек жолы мен Абылайхан көшелерінің қилысында басталады, мұнда ерте келгенедердің барлығы балалардың шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалайды. Бұдан кейін шеру жаяу жүргіншілердің қайта жаңарған Панфилов көшесімен жүріп өтіп, Астана алаңында ерекше флэшмобпен аяқталады.
Қала тұрғындары мен қонақтары алдында отандық эстрада жұлдыздары, соның ішінде Сәкен Майғазиев, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Серікбол Сайлаубек, Бейбіт Кушкалиев, МузАрт Life, мектептің «SMart» балалар хоры және көптеген басқалар өнер көрсетеді. Ең кішкентай қоанқтар үшін түрлі интерактивті ойындар мен конкурстар ұйымдастырылады.
«Ерекше динамикалық аранжировка мен хореография, костюмді театрландырылған қойылымдар мен шоу бағдарлама меркелік көңіл күйді көтереді, қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистің оркестрлік бірлестігін көретін болады», - деп атап өтті Алматы қаласының Білім басқармасы.
Балалардың мерекелік шараларын өткізуге қатысты 31 мамыр мен 1 маусымда таңғы сағат 8.00-ден сағат 13.00-ге дейін мына көшелердің бірқатар учаскелері уақытша жабылатын болады:
- Панфилов көшесі (Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би көшелерінің қиылыстары);
- Төле би көшесі (Панфилов пен Абылай хан көшелерінің арасы);
Бұлардан өзге, 1 маусымда сағат 11.00-де С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Әдебиет пен театр клубының» мүшелері өлең оқиды, балалар мен үлкендердің шахмат турнирі өтеді, ересектер үшін «Флешдэнс» би балы, қышпен жұмыс істеушілер үшін «Жас қышшы» шеберлік сыныбы, ғылыми эксперимент әуесқойлары үшін квестер, «крио-шоу» ұйымдасттырылады.
2 маусымда «Шымбұлақ» ТШК-да Family day болады. Сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін тау шаңғысы курортындағы батуттар, скалодром, квадрацикл мен понимен сырғанау, арқан паркі, теннис тегін болады. Кішкентай келушілер түрлі ойындарға, сурет салу мен түрлі заттар жасау бойынша шеберлік сыныптарына және «KidsLab» балалар клубының конкурсына қатысып, үйдегідей аквагрим, мехенди сынды түрі тәттілерді жасап-үйренеді, оларды тегін жейді және басқа да қызықтарды тамашалайды. Бұл күні барлық ата-аналар фитнес түрлерімен, йогамен, бимен, шеберлік сыныптарымен айналысып, Hand-Made жәрмеңкесіне қатысып, танымал диджей мен лайв-бэнді көре алады. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін арнайы тәттілер, сыйлықтар мен балмұздақтар дайындалады.
2 маусымда сағат 11.00 ден 23.00-ге дейін ҚБТУ-дан төмен (Абылай хан – Қазыбек би – Панфилов – Әйтеке көшелерінің маңы) «Тәтті Алматы» тағаим жасаудың отбасылық фестивалі өтеді, мұнда мегаполистің танымал мейрамханалары алматылықтар мен қала қонақтарына тәтті тағамдар ұсынады. Биылғы маусымда фестиваль «Visit Almaty» жарнама компаниясының «Өз қалаңды жақсы біл!» бастамасы аясында өтеді. Жазғы фестивалға 30-дан астам тамынал қалалық гастрономиялық жобалар қатысады, күні бойы паркте балалар мен үлкендер үшін түрі қойылымдар көрсетіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10711?lang=kk