17 маусым. «Кәмелеттік аттестатты Алматы мектептерінің 6810 түлегі алды

17 маусым. «Кәмелеттік аттестатты Алматы мектептерінің 6810 түлегі алды

10.04.2025 16:50:07 253

Алматыда жыл сайынғы дәстүрлі «Жас түлек» фестивалі өтті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Алтын белгі мен» 254 түлекті марапаттады. Биыл орта білім жөніндегі кәмелеттік атестатты Алматы мектептерінің 6810 түлегі алды.

Мегаполис басшысы жиналғандарды оқу жылының аяқталуымен және ҰБТ қорытындыларымен құттықтады. Алматы жалпы білім беруде бесінші рет қатарынан Қазақстандағы ең үздік қала атанды. ҰБТ бойынша қалада орташа балл 96,2, болса, республикада 81,2 балл деңгейінде.

«Биыл «Алтын белгі» алуға үміткер 297 алмат ылық түлектің 254 -і немесе 85,5% өздерінің жоғары білімдерін дәлелдеді. Оның үстіне, біздің 6 түлегіміз ең жоғары 125 балла жинап, рекорд жасады. Жалпы, республика бойынша 19 түлек осындай жоғары баллға қол жеткізді, олардың үштен бірі- алматылық оқушылар. ҰБТ қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз бесінші жыл қатарынан республикада бірінші орында келеді. Төккен тердің өтеуі деген, міне, осы!», - деді Б.Байбек

Биыл қала әкімінің сыйлығын 10 мектептің педагогикалық ұжымдары алады. Өткен жылы 1,5 мың жас мұғалім мен 500 үздік педагог марапатқа ие болған еді.

Естеріңізге сала кетейік, «Алтын белгі» Алматыда 86%-ға дәлелденді, республикада - 51,6%. Әрбір екінші алматылық түлек 100 балл, әрбір оныншы 124 балл, ал 6 түлек абсолютті нәтиже – 125 балл жинады. 125 балл жинағандар - Маткалиева Динара Маратқызы -№ 12 арнайы гимназия, Мейрханова Аружан Ерланқызы, Оспанова Рамзия Рамазанқызы - №159 гимназия, Мазамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы - №169 мектеп- лицей, Мұхамедқали Еркежан Дүйсенқызы - № 175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясы, Түгелбай Фариза Абайқызы - № 178 лицей.

«Жас түлек» фестивалі қазақстандық өнер жұлдыздарының концертіне ұласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10790?lang=kk