Дін қайраткерлері қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен құттықтады

Дін қайраткерлері қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен құттықтады

10.04.2025 16:50:25 1584

Астана – халықаралық диалог орталығы. Бас қала бейбітшілік пен келісімнің қаласы деген атауға лайықты. Мұндай мәлімдеме бүгін Астанада өткен Қазақстанның діни бірлестік өкілдерінің кезектен тыс жиналасында айтылды.  

«Астана – бейбітшілік пен келісімнің рухани орталығы» тақырыбындағы дін өкілдерінің жиналысы Қазақстан Республикасының бас қаласы Астананың 20 жылдығына орай өткізілді.  

Шара ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаевтың төрағалығымен өтті. Шараға діни бірлестіктердің жетекшілері, теологтар мен сарапшылар қатысты.

Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев Астананың жеткен жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа Астананың дамуы тұтастай алғанда барша Қазақстанның өзгеруіне әкелді, еліміз экономикалық қуатты, саяси тұрғыдан алғанда тұрақты,  жауапты және беделді халықаралық серіктеске айналды», - деді комитет төрағасы.

2003 жылдан бері Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізіліп келеді, бұл әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға септігін тигізеді.

Еліміздегі діни бірлестік өкілдері Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу бүкіл әлемдік қауымдастық алдында қоғамды біріктіру және жалпыұлттық консенсустың үлгісін көрсететінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның діни бірлестік өкілдері елорданың 20 жылдығына орай Қазақстан халқына құттықтауларын жолдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/10927?lang=kk