Жеңіс күні құтты болсын!
10.04.2025 16:53:12 1508Павлодар облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады. Болат Бақауов сегіз ардагердің үйіне барып сыйлықтар табыстады.
92 жастағы Ғабдолла Мусинов аймақ басшысын отбасымен бірге қарсы алды. Ардагердің үйіне Гонконгте тұратын немересі Әсел Лус пен екі жасар шөбересі Клой-Мария Лус келді.
– Біз атамызға мамыр айында Жеңіс күні қарсаңында келуге тырысамыз, – дейді Әсел Лус. – Менің қызым үлкен атасының үйіне алғаш рет келіп отыр, оған атасымен ойнаған ұнайды, ал ардагер атасы үнемі оған тәтті тағамдар ұсынып отырады.
Иван Лукиннің үйінде облыс әкімін әдеттегідей дастархан жайып қарсы алды. Майдангердің жұбайы Мария Федоровна тоқаш пісірді.

– Біздей қарияларды ұмытпай, уақыт бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет. Көңіл бөліп, ескеріп қойсаңыздар, басқа ештеңе қажет емес, – деді Иван Лукин.

Жеңіс күні қарсаңында аймақ басшысы, сондай-ақ, Біләл Сәбитов, Сұлтанбек Байызбаев, Әнуарбек Хұсайынов, Виктор Журавлев, Николай Егоренков және Михаил Кунгуров деген ардагерлерді құттықтап шықты.

– Мен ардагерлерге Жеңіс күні қарсаңында ғана емес, жыл бойы келіп тұрамын. Бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз үшін оларға алғыс білдіруіміз керек, – деп атап өтті облыс әкімі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/12678?lang=kk