Қоғамға қажет мамандық
10.04.2025 16:53:43 1561Салтанатты кездесуге сексенге жуық қалам мен микрофонды жанына серік еткен мамандық иелері жиналды. Олардың қатарында журналистика ардагерлері, аудандық, қалалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен республикалық БАҚ-ың меншікті тілшілері де болды. Журналистерді мерекемен құттықтаған Болат Бақауов таяуда ғана Үкімет қаулысымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні бекітілгенін және бұл қадам олардың сүйікті мамандықтарының қадір-қасиетін одан сайын арттырғанын атап өтті.

– Журналистер қауымының қазақстандық қоғамдағы ролі ерекше, – деді аймақ басшысы. – Саясаткерлер болашақпен, тарихшылар өткенмен, журналистер бүгінгімен айналысады. Франция президенті Шарь де Голль айтқандай «журналист мырзалар, мен сіздердің газеттеріңізді өзімнің не туралы ойлатынымды білу үшін оқимын».

Облыс әкімінің атынан журналистерге Құрмет грамоталары, алғыс хаттар мен гранттар тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/13281?lang=kk