ТРМК-ДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
10.04.2025 16:57:15 16032018 жылғы 3 мамырда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Мемлекеттік бақылау жүйесіндегі мемлекеттік қызмет» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Аталған шарада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің және Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының (Жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесте Департаменттің қызметкерлері мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнам жөнінде ақпарат алды. Бұдан басқа, Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнеролик көрсетіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңалықтар бойынша ақпаратты және туындаған сұрақтарына жауаптарын алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15197?lang=kk