ҚР ИДМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ «ҚАЗАҚСТАН МЕТРОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ» ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ
10.04.2025 16:58:04 1685ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы Ғалымжан Дұғаловтың төрағалық етуімен «Қазақстан метрология институты» РМК («ҚазМетрИн») басшылығының 2017 жылғы және 2018 жылдың 1 тоқсандағы жұмыстарының қорытындысы туралы жыл сайынғы тыңдалымы өтті.
Кездесуде Институттың қызметі таныстырылды және шетел метрологиялық институттарының ұлттық эталондарымен халықаралық салыстыруларға қатысу нәтижелері, Еуразиялық экономикалық кеңес (ЕЭК) аясында ынтымақтастық, Мемлекеттік стандарттық үлгілерді өндіру, зертханааралық салыстырулар және т.б қаралды.
«ҚазМетрИн» РМК бас директоры Тоқтабек Тоқанов Институттың жетістіктерін, эталондарды салыстыруға қатысу нәтижелері бойынша Халықаралық өлшем және салмақ бюросының деректер базасында 65 калибрлеу және өлшеу мүмкiндiктерiнің (СМС жолдар) жарияланғанын атап өтті.
Бұл республикада жүргізілетін өлшеулердің халықаралық деңгейде мойындалуы, сынақ және өлшеу зертханаларының, сәйкестікті растау органдарының қызметіне қатысты сенімділікке, ғылыми зерттеулерде серіктестік тәжірибесін кеңейтуге алдын ала жағдай жасайды.
Сондай-ақ мемлекет үшін де, бизнес үшін де қажетті мемлекеттік эталондарды жаңғырту және қызмет көрсету мәселелері қаралды.
Халықаралық ынтымақтастық аясында өлшем бірлігін қамтамсыз ету саласындағы жұмыстардың нәтижелерін тану мақсатында ЕАЭО аумағында өзара жеткізілетін өнімдерге қатысты бірыңғай талаптар әзірленуде.
Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық комиссияның өлшем құралдарын, стандарттық үлгілерге, салыстырып тексеруге, өлшеулерді орындау әдістемелеріне, зертханааралық салыстыруларға, шама бірліктеріне, метрологиялық сараптамаға және т.б. сынауға қойылатын талаптарды белгілейтін 10 құқықтық акті қолданысқа енгізілді.
Бұдан бөлек, жеке кабинет арқылы электрондық форматта өтінімдерді жіберуге және нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді әзірлеу, көрсетілетін метрологиялық қызметтерді автоматтандыруға көшу жөніндегі мәселелер қаралды.
Институт цифрландыру жүргізу мақсатында электрондық құжат айналымын енгізді, метрология саласындағы нормативтік құжаттарды іске асыру жөніндегі мамандандырылған Интернет-магазин іске қосылды.
Биыл Институт алтын-күміс қоспасының МСҮ әзірлеуге қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Білім беру мекемелерімен жұмыс аясында С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және Л. Гумилев атындағы ЕҰУ университтерімен үш жақты ынтымақтастық жүзеге асырылуда, Эталон орталығының базасында метрология жөніндегі оқулар жүргізіледі.
Комитет төрағасы кеңес қорытындысы бойынша «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізуге байланысты жұмыстардың ұйымдастырылуын, Институттың жалпы жетістіктерін атап өтті және метрология, ғылыми–зерттеу жұмыстары мен Қазақстан Республикасының эталондық базасын дамыту саласындағы жұмыстарды жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/16370?lang=kk