МОЛДОВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
10.04.2025 18:42:38 297Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ және «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ өкілдері Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен тартылған жол қауіпсіздігі бойынша халықаралық сарапшылармен бірге автомобиль жолдарында5ы қауіпсіздік және ЖКӨ санын азайту бойынша оқу және тәжірибе алмасу мақсатында Молдова Республикасына (Кишинев қ.) барды.
Семинарға қатысушылар автомобиль жолдарының жағдайы, ЖКО саны, тәуекел себептері және жапа шегушілердің санын қысқарту әдісі бойынша ақпаратпен бөлісті.
Семинар шеңберінде МР ІІМ ақпараттық технологиялық департаменті және Ұлттық күзету инспекторында таныстыру кездесуі өткізіліп Кишинев қаласының жол қозғалысын мониторингілеу қызметі бойынша презентация жасалды. Сонымен қатар ақталған «Сэрэтень-Сорока» М2 ұлттық трассасына жүру жүзеге асты. Жүру қозғалысының қорытындысы бойынша автомобиль жолын күтіп ұстау және қайта жаңартудағы технология мәселесі талқыланды. Халықаралық сарапшылармен бірігіп жол қозғалыс аумағында автожол учаскесінде ең апатты жерлерге сараптама жасалды.
Өткізілген кездесулер қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық және жол қауіпсіздігі жүйесін жетілдіру, автомобиль жолдарындағы апаттарды және өлім-жітімді азайту туралы шешім қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/25987?lang=kk