АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БАЙСЕРКЕ АУЛЫНДА ӨТКЕН ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БАЙСЕРКЕ АУЛЫНДА ӨТКЕН ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

11.04.2025 00:27:25 286

2017 жылдың 29 наурызында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мен  «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігімен және «ҰССО» АҚ АФ СЗ өкілінің қатысуымен Іле ауданы Байсерке ауылында «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышаны» атты семинар өткізілді.

Аталмыш шараға Байсерке ауылының әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім беру мекемелер мен денсаулық сақтау мекемелердің  өкілдері қатысты.

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің орналастыру ережелерін,  ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбалардың ауыстыру және жою ережелерімен таныстырды. ҰССО» АҚ АФ СЗ өкілі мемлекеттік рәміздердің ұлттық стандарттарға сәйкестігін анықтау үшін жүргізілетін сараптау әдістерін түсіндірді.

Департаменттің мамандары семинарға қатысушыларды «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Жалпы техникалық шарттар» ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартының талаптарымен толығырақ таныстырды. Соның ішінде, Мемлекеттік Елтаңбаның өлшемдері мен түсіне қойылған шектеулер, Елтаңбаның қолдану кепілді мерзімі, ескі рәміздерді жаңа рәміздерге ауыстыру мерзімі және тағы басқа сұрақтар.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің берік негізінің бірі, сондықтан аталмыш шара қатысушыларға ҚР Мемлекеттік рәміздерін келешекте дұрыс қолдану барысында сұрақтар мен қиын мәселелер туындамас үшін өткізілді.

Семинар соңында қатысушылар қойған сұрақтарға ұйымдастырушылармен толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18362?lang=kk