Әділет министрі Марат Бекетаев азаматтық сектор өкілдерімен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жобасын талқылау үшін кездесті

Әділет министрі Марат Бекетаев азаматтық сектор өкілдерімен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жобасын талқылау үшін кездесті

11.04.2025 04:57:28 473

Кездесуге Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кәсiпкерлiк субъектiлер қауымдастығы, Республикалық нотариаттық палата, Республикалық адвокаттар алқасы, заңгерлерінің одағы, Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық, салық төлеушілер қауымдастығы және де басқа үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар аталған заң жобасын одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізді. Заң жобасын қазіргі уақытта Әділет министрлігі Жоғары Сотпен бірлесіп әзірлеуде.

Аталған заң жобасы әкімшілік орган мен азамат арасында туындайтын мемлекеттік басқару саласындағы жариялы-құқықтық қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/19334?lang=kk