Астана процессі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің бесінші кезеңіне аккредиттеу туралы
11.04.2025 13:12:54 396Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері,
Астана процессі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу 2017 жылғы 4-5 шілдеде орын алады.
Сіздерді 5 шілдеде «Rixos President Astana» қонак үйінде өтетін кездесудің пленарлық отырысын ақпараттық сүйемелдеу үшін шақырамыз (басталуының уақыты қосымша хабарланады).
Аккредиттеу үшін 2017 жылғы 3 шілдеде сағат 12.00-ге дейін қоса берілген толтырылған аккредиттеу нысанын және паспорт (жеке куәлігі) көшірмесін «Syrian talks» тақырыбымен accreditation@mfa.kz электронды мекенжайына жолдауды сұраймыз.
Кездесу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізілетін болса, уақыты мен орны қосымша хабарланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/21204?lang=kk