Конституциялық Сот елімізден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен азаматтардың зейнетке шығу құқығын шектеудің Конституцияға сәйкестігін тексереді
11.04.2025 13:29:32 1879Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының Әлеуметтік кодекстің 196-бабы 1-тармағының, 202-бабы 2-тармағының, 204-бабы 3-тармағы 2) тармақшасының және Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларының (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығы) 5-тармағы бесінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
Өтініш субъектісі Кодекстің және Қағидалардың дауланып отырған ережелері Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен азаматтардың зейнетақы құқығын Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтарымен салыстырғанда кемсітеді деп есептейді, өйткені азаматтардың екі санаты да еңбек қызметін жүзеге асыра отырып және салықтарды төлей отырып, мемлекет пен қоғам алдындағы өз міндеттемелерін орындады.
Тексеру барысы мен нәтижелері туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/971118?lang=kk