ҚР ИДМ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АЛИК АЙДАРБАЕВ ICDA МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСТЫ

ҚР ИДМ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АЛИК АЙДАРБАЕВ ICDA МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСТЫ

11.04.2025 16:57:10 1678

Астанада ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаевтың қатысуымен Хром кен орнын игеру халықаралық қауымдастық мүшелерінің кездесуі өтті (ICDA).

Өз сөзінде «Қазхром» ТҰК» АҚ-тың және тұтастай алғанда ERG-дың Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын және Мемлекет басшысының индустрия 4.0 элементтерін енгізе отырып үшінші жаңғыру жөніндегі жолдауын іске асыруда белсенді атсалысып келе жатқанын атап өтті.

А. Айдарбаев халық санының артуы мен жаңа көлік түрлерінің дамуы баламалы энергетиканың жалпыәлемдік болат өнімінің артуына әкелетінін айтып, бұл өз кезегінде ферроқорыту өндірісін және тиісті шикізат базасын дамытуды талап ететініне тоқталды. Осыған орай, ICDA қызметі өзекті және сұранысқа ие болмақ.

Бірінші вице-министр «Қазхром» ТҰК» АҚ-тың ферроқорыту өндірісін дамыту және жаңа қуатты іске қосуда Қарағанды облысында салынып жатқан кешенді қорытпалар зауытының үзіліссіз жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, жиында Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта қаруландыру жөніндегі кешенді шараларды әзірлеу бойынша, Үкімет төртінші өнеркәсіптік төңкерістің элементтерін енгізу  жұмыстарын іске асырып жатқаны айтылды.

Әлемдік хром өнеркәсібінде Қазақстанның алатын орны ерекше және хром кенін өндіру бойынша екінші және феррохром өндірісі бойынша үшінші орындарға ие. Бұдан басқа хром кенін және феррохромды экспорттаудың көлемі бойынша Оңтүстік Африкадан кейін екінші орында.

ICDA(Хром кен орнын игеру бойынша халықаралық қауымдастық) қатысушыларының жиналысы өнеркәсіптік экожүйесінің (өндіру, өңдеу, тұтыну, сату және қызмет керсету) барлық салалары ішіндегі жоғары деңгейдегі әлемдік хром өнеркәсібінің кәсібилерінің кездесуі болып табылады.

Оған 150 делегат қатысты, олар өнеркәсіптің негізгі мәселелерін талқылады және соңғы макро экономикалық тенденцияларды талдады. Нарықтың жаңа қозғалысты күші сонымен қатар хром өнеркәсібі бойынша басқа да соңғы мәліметтері сарапталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/25600?lang=kk