ҚР ІІМ қазақстандықтарды ақша үшін қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін жауапкершілік туралы ескертті
11.04.2025 20:21:54 2304Әлеуметтік желілерде азаматтарға ақшалай сыйақылар үшін басқа мемлекеттердің Қарулы Күштерімен келісімшарт жасасуды ұсынатын жарнамалық материалдар мен бейнероликтер таратылады.
"ҚР ҚК қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік шаралары қарастырылған. Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға қасақана заңсыз қатысқаны үшін жалдамалылық белгілері болмаған кезде (ҚР ҚК 172-бабы) бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген. Жалдамалы болғаны үшін (ҚР ҚК 170 - бабы) іс-әрекеттің ауырлығына байланысты жеті жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, ҚР азаматтығынан айыру немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп жазалау көзделген", - деп ескертті ведомствода.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/972715?lang=kk