Қазақстан үшін Малайзиямен қарым-қатынастарды жан-жақты серіктестік деңгейінде дамытуға маңызды болып табылады
12.04.2025 14:59:21 572КУАЛА–ЛУМПУР, 2018 жылғы 5 сәуір – 5 ақпанда Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттердің Ассоциациясы елдеріне жұмыс сапары шеңберінде Малайзияға сапармен келді.
А. Камалдинов елдің Сыртқы істер министрі Анифа Аманмен кездесу өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен болашағын талқылады. Қазақстандық дипломат Астана үшін Куала-Лумпурмен қарым-қатынастарды екі ел басшылары жариялаған жан-жақты серіктестік деңгейінде дамытуға маңызды болып табылатынын атап өтті.
Малайзия сыртқы саяси ведомствовсының басшысы екіжақты қарым-қатынастарды жоғары бағалап, оны тұрақты саяси серіктестік, өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бейнелейтінін атап өтті.
Сұхбаттастар қарым-қатынастардың қарышты дамуына қанағаттандыруын білдіріп, экономикалық кооперацияның пәрменді тетіктері – Біріккен сауда-экономикалық комитеті мен Қазақстандық-малайзиялық іскерлік кеңесі жұмысының жандануын, сондай-ақ өзара сауда айналымы мен инвестициялардың өсу серпінін атап өтті. Сонымен қатар, тараптар 2018 жылдың 4 шілдесінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының тұсаукесері барысында өткізуге жоспарланған 14-ші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы өзара әрекеттестікке одан әрі жаңа түрткі беруі тиіс екенін білдірді.
А. Аман үкімет басшысы Наджиб Тун Разак ДИЭФ-тің патроны болып табылатына және Форумның мәжілістеріне дәстүрлі түрде қатысатынын хабарлады. Ислам әлеміндегі аталған маңызды шараға малайзиялық тарапының ерекше көңіл бөледі және Н. Разактың «Исламдық Давосқа» қатысу шеңберінде Астанаға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Сонымен қатар, дипломаттар әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, аймақтық ұйымдар, оның ішінде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы шеңберіндегі серіктестіктің келешегі туралы пікір алмасты.
Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы (ДИЭФ) 2006 жылы Малайзия үкіметі бастамасымен құрылған. Форум мұсылман елдерінің негізгі жыл сайынғы экономикалық саммиті болып табылады.
2018 жылғы 13 наурызда өткен ДИЭФ Қоры Хатшылығы Төрағасының Қазақстанға сапары барысында 14-ші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумын Астанада өткізу туралы келісімге қол қойылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27049?lang=kk