Астанада Қазақстан мен Қатар арасындағы СІМ-аралық консультациялардың бірінші раунды өтті

Астанада Қазақстан мен Қатар арасындағы СІМ-аралық консультациялардың бірінші раунды өтті

14.04.2025 09:32:53 286

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігі мен Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі арасында саяси консультациялардың бірінші раунды барысында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстан делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов басшылық етті, Қатар делегациясына ‑ Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы Ахмад бен Хасан әл-Хамади.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамыту және кеңейту, қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешу мен ұстанымдарын үйлестіруде халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңбрінде өзара әрекеттесу, сондай-ақ сыртқы саяси бастатмаларын өзара қолдау мүмкіндіктері жолдарын айқындады. Осы тұрғыда Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігін назарға ала отырып, БҰҰ шеңберінде екі елдің бірлескен іс-қимылының маңыздылығы айрықша атап өтілді.

Қазақстан экономикасына инвестицицялар тарту мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың және Жоғары деңгейдегі бірлескен комиссия қызметін жандандыру арқылы сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттардағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы аталып өтті.

Тараптар екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтумен қатар, мәдениет, білім және ғылым салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27738?lang=kk