МЕМЛЕКЕТТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАНЫҢ САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСIНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
14.04.2025 09:33:53 1422Қызылорда облысы бойынша экология департаменті жанынан құрылған мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңесі отырысымен «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ-ның (бұдан әрі - АҚ) Майбұлақ, Арысқұм, Құмкөл кен орындарының 2018 жылға жасалған атмосфералық ауаға тасталынатын ластағыш заттар шығындыларының норматив жобасы қаралды.
Кеңес отырысы барысында АҚ өкілі өздерінің дайындаған жобалары туралы қысқаша ақпарат берді.
Кеңес мүшелері тарапынан шынайы уақыт режимінде деректерді қашықтықтан беру бойынша автоматты мониторинг жүйесін енгізуге қатысты іс-шараларды қарастыру жөніндегі мәселені жоспарға қою туралы ұсыныс берілді.
Кеңесте ҚР ҰКП «Атамекен» Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының, «Табиғат тынысы» облыстық қоғамдық-экологиялық газетінің, Қызылорда облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, «Казгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының, АО «ПККР», ТОО «АртНефтьСтройПроект», ТОО «Цитрин»,Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және т.б. өкілдері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/29426?lang=kk