Астана мен Киншаса сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуда
20.08.2026 19:41:28 226
Астана–Киншаса, 20 тамыз 2026 жыл– Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Конго Демократиялық Республикасының Сыртқы сауда министрлігі арасында жоғары лауазымды тұлғалар деңгейінде онлайн форматта келіссөздердің екінші раунды өтті. Дөңгелек үстел жұмысына екі мемлекеттің өзге де мүдделі ведомстволарының өкілдері қатысты.
Кездесу аясында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, технологиялар трансферті және Қазақстанның жасанды интеллект пен бағдарламалық шешімдерді, көлік пен логистиканы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен индустриялық-өнеркәсіптік кооперацияны дамыту саласындағы тәжірибесімен бөлісу шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективалары қарастырылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел делегацияларының басшылары Қазақстан Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасы делегацияларының неғұрлым кеңейтілген құрамының қатысуымен, оның ішінде жоғарырақ саяси деңгейде белсенді диалогты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1277721?lang=ru