"Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының аясында, Ұлттық ат спорты түрлерінен аудандық жарыс ұйымдастырылды
14.04.2025 09:34:53 16682019 жылдың 14 сәуір күні Елбасы Н. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының аясында, алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Президент сайлауына арналған Ұлттық ат спорты түрлерінен аудандық ашық жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жарыс бағдарламасында Аламан бәйге, Құнан бәйге, Тай бәйге, Жорға бәйге, Көкпар, Қол күресі, Қошқар көтеру спорт түрлері қамтылды. Жарыстың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Б. Момбаев жарысқа қатысушыларды бәйге маусымының ашылуымен құттықтап, атбегілерге сәттілік тіледі. Жалпы тай бәйгеге 15 қатысушы, Құнан бәйгеге 22 тұлпар, Жорға бәйгеге 5 тұлпар, Аламан бәйгеге 20 сәйгілік қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атбегілер ақшалай және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубогтерімен
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33651?lang=kk