Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму саласындағы стратегиялық жоспарлау жөніндегі кеңес өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму саласындағы стратегиялық жоспарлау жөніндегі кеңес өтті

14.04.2025 09:35:04 1537

2019 жылдың 15 қазанында Нұр-сұлтан қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымның агенттіктерімен ұйымдастырған тұрақты даму саласындағы стратегиялық жоспарлау жөніндегі кеңес өткен.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, БҰҰ елдік командасы, азаматтық қоғам және ғылыми өкілдері қатысты.

Кеңесті Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура мырза ашты. Негізгі спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ "ЮНИСЕФ" Балалар қорының өкілі Артур ван Дизен сөз сөйледі.

Кеңес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ арасындағы 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму жөніндегі әріптестіктің әзірленіп жатқан жаңа негіздемелік бағдарламасына арналған болатын.

Негіздемелік бағдарлама негізінде Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ немесе күн тәртібі-2030) енгізу жөніндегі ынтымақтастығы қаланды. Бұл азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамуды ынталандыру және мемлекеттердің экологиялық тұрақтылығын орнату үшін БҰҰ-ға 193 мүше-мемлекеттерімен 2030 жылға дейінгі белгіленген 17 мақсат. Осы мақсаттарға қол жеткізуі мүше-мемлекеттердің 169 міндеттерді іске асыру тиімділігін бағалау арқылы айқындалады. Бұл ретте бағалау 242 индикатор бойынша жүргізіледі.

Анықтама: тұрақты даму мақсаттары туралы, сондай-ақ ТДМ-ға қол жеткізу бойынша Қазақстандағы ағымдағы жағдай туралы толық ақпаратты келесі интернет-ресурстардан алуға болады:  un.orgun.orgeconomy.gov.kzsdgs.kz.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/33762?lang=kk