ҚР Сыртқы істер министрі шет ел Елшілерін қабылдады

ҚР Сыртқы істер министрі шет ел Елшілерін қабылдады

14.04.2025 09:35:15 363

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 17 қазан - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан және Ұлыбритания Елшілерін қабылдады.

ГФР Елшісі Тило Клиннермен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлинге ресми сапары қарсаңында екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

БАӘ Елшісі Мухаммед әл-Джабермен кездесу кезінде араб дипломаты БАӘ басшылығы атынан ҚР Президенті К. Тоқаевқа төзімділік символы болып табылатын «бейбітшілік кілемін» тапсырды.

Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Имтиаз Ахмад Казимен келіссөздер барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласа отырып, осы орайда Исламабад қаласында екі мемлекет арасындағы үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын жақын арада өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Елшісі Майкл Гиффорд Министрді 2019 жылғы 23-24 қазанда Лондонда өтетін іс-шаралар бойынша, соның ішінде жыл сайынғы «Kazakhstan Global Investment Forum-2019», Іскерлік кеңес пен Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына дайындық барысы туралы хабардар етті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33812?lang=kk