Каспий теңізі айлағында балық ресурстарын заңсыз алудың жолын кесу туралы
14.04.2025 09:38:24 1827ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2019 жылғы қарашада «Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы» РМК лауазымды адамдарының құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесті, олар одан әрі оны өткізу мақсатында балықтардың бекіре тұқымдарын аулау және уылдырық алу бойынша браконьерлік әрекет ұйымдастырған жергілікті тұрғындарға қамқоршылық жасаған.
Ұсталған адамдардың қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 320 миллионнан артық сомаға зиян келтірілді, заңсыз айналымнан 1 100 килограмм бекіре тұқымдас балық пен 17 килограмм қара уылдырық алынды.
Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 1-б. («Лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану»), 335-бабы 3-б. 1, 3, 4, 5-т. («Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі



Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/35677?lang=kk