22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні
15.04.2025 18:00:37 275
Шанханай ауылдық округі Игібай Базарбаев атындағы мәдениет үйінің алаңында "Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз" мерекесі атап өтілді. Осы мерекелік іс-шараға ауылымыздың әр жылғы азаматтары және шаруа қожалық басшыларының демеушілігімен үлкен іс-шара болып өтті. Шара барысында округ әкімі О.И.Сатқалиев ауыл тұрғындарын осы мерекемен құттықтап осы іс-шараға ат салысып ұйымдастырып жүрген жігіттерді Алғыс хатпен марапаттады. Іс-шарамызға мекемелер дайындап келген ән, би, көрініс тысау кесер рәсімдерімен концерттік бағдарлама көрсетілді. Ары қарай спорттың барлық түрлері яғни қол күрестіру, арқан тарту, жүгіру, күрес, арқан тартыс, қошқар көтеру т.б әр түрлі іс-шарамен жалғасты. Осы спорттық іс-шарада спорттық түрінен жеңімпаз атанған жастарға демеушілік еткен әр жылғы ауыл азаматтары және шаруа қожалықтары ақшалай сыйлық және бағалы сыйлықтар табыс етті. Шараның соңында әр мекемелер дайындап келген наурыз көжеден ақ дастарханнан ауыл тұрғындары дәм татты.
Мақсаты: Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін дарыту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-shanhanai/press/news/details/963100?lang=kk