Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінің бас аспазшысы есірткі тасымалдағаны үшін ұсталды

Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінің бас аспазшысы есірткі тасымалдағаны үшін ұсталды

15.04.2025 18:04:33 286

Қалалық полицейлер есірткі сатты деген күдікпен жергілікті дәмхананың аспазшысын ұстады.
Полицияның мәліметінше, ер адам жұмысын заңсыз заттарды сату үшін пайдаланған.
«Ол гашиш есірткі затын жұмыс орнында сатқан, дәмхананы өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін пайдаланған. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралардан кейін аспазшы ұсталды. Ұстау және тінту нәтижесінде есірткі және есірткінің заңсыз айналымына қатысты басқа да заттар тәркіленді. Ұсталған азамат қамауға алынды. Қазір қылмыстық іс-әрекеттің барлық деректерін және оған басқа адамдардың қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде», - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Алматы полициясы, азаматтарды қырағы болуға және есірткіге қатысты кез келген күдікті әрекет туралы хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/964504?lang=kk