ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ...

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ...

15.04.2025 18:07:51 242

ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша Өкілі Амангелді Абдолов Құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысына қатысты.
Атырау облысы әкімі орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен өткен жиналысқа Атырау білім басқармасы, Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Атырау облысы Полиция департаменті, Сыбайлас жемқоррлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы, Атырау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылары қатынасты.
Отырыста Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасын жақсарту жөнінде және сотталғандарға әлеуметтік және басқа да көмек бойынша проблемалық мәселелер пысықталған болатын. Осы сұрақ бойынша Атырау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменінің бастығы А.Ізтілеуовтің жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды.
Бұл жердегі көтерілген проблемалардың бірі – ол бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру. Отырыс барысында осы бағытта жұмысты жолға қою үшін пробация қызметінің есебіндегі жұмыссыз жүрген сотталғандарға арналған жәрменкелер ұйымдастырылып, оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, әрі квота пайызын көтеру жайлы тапсырма берілді.
Омбудсменнің Өкілі А.Абдолов осы мәселенің өзектілігін алға тартып, жалпы мемлекеттік органдармен бірлескен арнайы жиын өткізу қажеттілігін ұсынды.
Сонымен бірге, комиссия күн тәртібімен жасөспірімдер арасындағы топтасқан төбелесу, бұзақылықтардың алдын-алу бағытындағы атқарылған шаралар, өңірдегі құрылысы ұзаққа созылған объектілер және оларға бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі туралы мәселелерді талқылады.
Жиын соңында қарастырылған сұрақтар бойынша тисті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/965460?lang=kk