Еңбек адамы: Цой Зинаида Владимировна – өз ісіне адал гидротехник

Еңбек адамы: Цой Зинаида Владимировна – өз ісіне адал гидротехник

15.04.2025 18:07:53 418

Цой Зинаида Владимировна 26 жылын су шаруашылығына арнап, Жетісу облысындағы ирригациялық жүйелердің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Саладағы еңбек жолын 1998 жылы «Қараталирригация» мекемесінде қойма меңгерушісі болып бастады. 2024 жылдан Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалына қарасты «Күшік-Кәлпе» магистральді каналында инженер-гидротехник қызметін атқаруда.

Ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек етіп, өз ісіне деген шынайы махаббатының арқасында ол тек жоғары білікті маман ғана емес, өз саласының нағыз шебері ретінде танылды.

Кәсіби тәжірибесі өзінен кейінгі жас мамандарға үлгі болып, әрдайым сапалы жұмыстың нәтижесінде 2023 жылы Жетісу облысының «Құрмет грамотасымен» және «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Зинаида Владимировнаға үлкен жетістіктер мен мол табыс тілейміз! Әрбір күн жаңа мүмкіндіктер, қуанышты сәттер сыйлайсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/965471?lang=kk