Қызметкердің құқықтары мен міндеттері

Қызметкердің құқықтары мен міндеттері

15.04.2025 18:08:49 242

Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары қызметкердің құқықтары мен оның міндеттерінің болуын меңзейді.

Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттерін ҚР ЕК 22-бабы көрсетілген. Алдымен, еңбек қатынастарының субъектілері ретінде қызметкердің еңбек міндеттері мен құқықтарын қарастырып алайық.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі  - ҚР ЕК) сәйкес еңбек қатынастары дегеніміз - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде туындайтын қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы қатынастар.

ҚР еңбек заңнамасында көрсетілгендей, еңбекпен тікелей байланысты қатынастар - еңбекті ұйымдастыру және басқару, жұмысқа орналастыру, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және арттыру бойынша қалыптасатын қатынастар, сондай-ақ, жұмыскерлердің кәсіби біліктілігін, әлеуметтік әріптестікті тану, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу, жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің) ҚР ЕК-де көзделген жағдайларда еңбек жағдайларын белгілеуге қатысуы, еңбек дауларын шешу және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау болып табылады.

Әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе оған қандай да бір кемсітушілік пен мәжбүрлеусіз еркін  түрде еңбекке келісуге құқығы бар, өзінің еңбек ету қабілетіне билік етуге, кәсібі мен қызмет түрін таңдауға құқығы бар.

ҚР ЕК 22-бабының 1-тармағына сәйкес  қызметкер:

  • осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға;

2) жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың, келісімдердің, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындауды талап етуге;

3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат алуға;

5) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне құқылы;

 ҚР Еңбек кодексінің 22 - бабының 2-тармағына сәйкес.

Қызметкер міндетті:

1) еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

2) еңбек тәртібін сақтауға;

3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;

5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;

6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

7) келтірілген нұқсанды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті.

Қызметкердің еңбек міндеттері туралы мәселе ішкі еңбек тәртібі ережелерінде, еңбек шартында толық шешіледі, онда жұмыс уақыты режимі, белгілі бір ұйым қызметінің ерекшелігімен белгіленген белгілі бір ережелерді сақтау жағдайында еңбек функциясының орындалуы анықталады.

Еңбек міндеттерін орындамағаны үшін қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Басқа қызметкерге келтірілген залалды өтеу тәртібі ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР ЕК 22-бабының 1-тармағында қызметкердің негізгі құқықтары айқындалған. Негізгілерінің қатарына ҚР Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен және шарттарда еңбек шартын жасау, өзгерту, толықтыру және бұзу құқығы жатады.

Еңбек шарты - бұл еңбек қатынастарының пайда болуының негізі, оған сәйкес қызметкердің жалақыға, демалысқа және т. б. сияқты құқықтары жүзеге асырылады.

ҚР Конституциясымен бекітілген Еңбек бостандығы (24-бап) қызметкердің ҚР еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылатын еңбек шартын жасасу ғана емес, өзгерту, толықтыру, тоқтату және бұзу құқығын айқындайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ozsp-timirazevo/press/news/details/965687?lang=kk