«Өзгеріс көшбасшылары» жобасына 30 қатысушы іріктелді

«Өзгеріс көшбасшылары» жобасына 30 қатысушы іріктелді

15.04.2025 18:11:37 1687

Өткен жылы «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебі жобасына қатысу үшін 64 өтінім түссе, биыл үміткерлер саны артып, 82-ге жетті.

Түскен өтінімдерді іріктеу үшін комиссия отырысы өтіп, кәсібилігі мен белсенділігі арқылы ерекшеленген жас мамандар арасынан 30 қатысушы анықталды.

Жастардың қабілеттерін шыңдай отырып, қоғамдық өмірге белсене араласуына мүмкіндік беруді көздейтін жоба 2024 жылы басталып, қатысушылар білікті спикерлерден жаңа дағдыларды меңгерген болатын.

Жоба биыл да жалғасын тауып, бірқатар жастың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер бермек.

Айта кетейік, «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебі - Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Жастар Рухы» Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/966684?lang=kk