Азаматтығы жоқ адамдар және тұрғылықты тұруға ықтиярхат куәлігі бар азаматтарға қандай жәрдемақыға құқықтар қарастырылған
15.04.2025 18:12:42 2025Тұрғылықты тұруға ықтиярхат куәлігі бар азаматтардың Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес
- бала туғанда берілетін жәрдемақы;
- бала күтіміне байланысты жәрдемақы;
- көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;
- наградталған анаға берілетін жәрдемақы;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
- мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
- күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы;
- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
- арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;
- жасына байланысты зейнетақы төлемі;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
Азаматтығы жоқ адамдардың Кодекске сәйкес
- мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
- жасына байланысты зейнетақы төлемдері;
- арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыларды;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
- наградталған анаға берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/967053?lang=kk