Құрметті Бастөбе ауылдық округінің тұрғындары!
15.04.2025 18:36:35 55Қазақстан Республикасының Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы« 29» тамыздағы
№270 бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы
хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем
көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары» бекітілген
Сыйақы мөлшері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты.
Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген
қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе
залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай
сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;
2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40
АЕК;
3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50
АЕК;
4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;
5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.
Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген
қызметтер құны бір мың АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша
біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе
көрсетілген қызметтер сомасының он пайызын құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен көп емес.
Көтермелеу, егер адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса не адамның сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдемдесуі сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге ықпал еткен болса және айыпты
адамға қатысты:
1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;
2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3),
4),
9), 10), 11) және 12) тармақшаларының немесе 36-бабының негізінде, соттың қылмыстық
істі тоқтату туралы қаулысы заңды күшіне енген, қылмыстық қудалау органының қылмыстық
істі тоқтату туралы қаулысын прокурор бекіткен жағдайда жүзеге асырылады.
Сыйақы алу үшін келесі құжаттар қажет:
жәрдем
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс
қимылға
көрсеткені
(бұдан әрі – өтініш);
үшін
көтермелеуге
өтініш
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі,
шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы;
3) көрсетілген адамның ұлттық валютадағы ағымдағы банктік шотының бар болуы және
нөмірі туралы екінші деңгейдегі банктен анықтама.
Осы Қағидалардың ережелері қолданылмайды:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты
хабарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болатын
адамға;
2) жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органмен Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес құпия негізде ынтымақтасатын адамға;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге
жәрдем көрсеткен, ол бойынша орындаушы немесе сыбайлас қатысушы болып табылған адамға
қолданылмайды.
Байланыс телефоны: біріңғай СаII-орталығы 1424 немесе т.60-98-13, т. 24-70-13
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-bastobe/press/news/details/969547?lang=kk