Жұмысың әлем құпияларын ашу болғанда

Жұмысың әлем құпияларын ашу болғанда

15.04.2025 18:39:41 33

Сәуір айының бірінші жексенбісінде қазақстандық геологтер кәсіби мерекелерін атап өтеді. Геолог күні – бұл күнтізбедегі кезекті дата емес. Ол Жер туралы іргелі ғылымның маңыздылығын тағы бір есімізге салады. Табиғат байлықтарын табудан өзге, ғаламшар тарихын түсінуге көмектеседі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геология саласын дамыту еліміздің экономикалық өсуі үшін маңызды екенін бірнеше рет айтты. Тау-кен секторын басқару жүйесін жаңғырту, 2026 жылға қарай геологиялық және геофизикалық зерделеу алаңын 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізу, сирек және сирек жер металдарының кен орындарын игеру сияқты тапсырмалар мен міндеттер жүктелді.

Жақында ашылған жаңалықтардың бірі – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Күйректікөл учаскесінде жартылай өткізгіштер мен қуатты магниттер өндірісінде пайдалануға болатын сирек жер металдарының үлкен ресурстары бар бірнеше перспективалы аймақ анықталды. 300 метр тереңдіктегі сирек жер металдарының жалпы болжамды қоры 20 млн тоннадан асады.

Президент Самарқандта өткен «Орталық Азия - Еуропа Одағы» саммитінде сөйлеген сөзінде Астанада Сирек кездесетін металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды. Аталған ғылыми мекеме кәсіпорындар мен инвесторларды игеруге болатын кеніштер, технологиялардың дамуы туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Әлемде халық санының өсуімен металдарға деген қажеттілік артып келеді, сондықтан геология маңызды бола түсуде. Бұл салада 50 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп жүрген ҚР Минералдық ресурстар академиясының академигі, геолог Олжабай Исмаилов осындай пікірін білдірді. Ол 2018 жылы Астанада геологияны насихаттау және халықты хабардар ету мақсатында алғашқы геологиялық мұражай ашқан. Мұражайға мектеп оқушылары жиі барады, алайда ол бәріне де қызықты болады. 

Мұражай коллекциясына мыңнан астам экспонат енген. Минералдардың барлық кластары ұсынылған – табиғи элементтерден бастап, нитраттар, бораттар, Қазақстан аумағында, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінде – Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка, Австралияда жиналған органикалық тұздарға дейін. Бұдан басқа, мұражайда палеонтологиялық коллекция, ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың ортасындағы геологиялық әдебиеттер мұрағаты, Далалық геологиялық құралдар жинағы бар. Мұражай қоры жаңартылып, жаңа экспонаттармен толықтырылып отырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-vladimirov/press/news/details/971200?lang=kk