Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды ақша үшін қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды ақша үшін қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді

15.04.2025 18:45:31 1828

Әлеуметтік желілерде азаматтарға ақылы түрде басқа мемлекеттердің Қарулы күштерімен келісімшарт жасасуды ұсынатын жарнамалық материалдар мен бейнероликтер таралып жатыр.

«Қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қазақстан Республикасының азаматы шет мемлекеттің аумағында жалдамалылық белгілері болмаған жағдайда қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына қасақана заңсыз қатысса (ҚК 172-бабы), бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Ал жалдамалылық үшін (ҚК 170-бабы) құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай жеті жылдан басталатын мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру не онсыз, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазасы көзделген», – деп хабарлады министрлік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/972655?lang=kk