ӘҚО-да өрт-тактикалық оқу-жаттығулар

ӘҚО-да өрт-тактикалық оқу-жаттығулар

15.04.2025 18:46:38 99

Әлеуметтік қорғау объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар аясында Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өрт сөндіру бөлімшелерінің, жедел құтқару жасақтарының, төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Өткізілетін оқу-жаттығулардың негізгі міндеті төтенше жағдайларды жою жөніндегі жоспарларға сәйкес тартылатын барлық қызметтермен өзара іс-қимыл схемаларын пысықтау болып табылады.

Оқу-жаттығу барысында өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс нұсқаулықтары өткізілді, төтенше жағдай туындаған жағдайда қызметкерлер мен қызмет алушыларды эвакуациялау сызбалары, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану мәселелері пысықталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/972965?lang=kk