Шығыс Қазақстан облыстық Әуесқой бокс федерациясының президенті тағайындалды

Шығыс Қазақстан облыстық Әуесқой бокс федерациясының президенті тағайындалды

15.04.2025 18:49:36 297

ШҚО-да облыстық Әуесқой бокс федерациясының президентін сайлау рәсімі өтті
Сайлаушылардың басым дауысымен бұл қызметке Өскемен қаласының тумасы, «VK development group» ЖШС директоры Бахтыбаев Айдос Кабдуллович лайық деп танылды. Қазіргі уақытта «VK Development group» компаниясы құрылыс материалдарын өндіру, ішкі туризмді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру сияқты салаларды белсенді дамытуда.
Кәсіпкерлік қызметтегі жетістіктері үшін Айдос Бахтыбаев бірнеше рет ШҚО құрылысшылар қауымдастығы мен облыс әкімінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Ол «Құрмет» және «Құрмет құрылыс» төсбелгілерінің иегері. 2022 жылы «Сала мақтанышы» номинациясы бойынша Ұлттық бизнес-рейтингтің көшбасшысы атанды, 2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қайырымдылық саласындағы «Қайырымдылық үшін» сыйлығын алды.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Айдос Бахтыбаевты құттықтап, жаңа салада жемісті қызмет, толағай табыстар тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/973672?lang=kk