ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: Тұрғындардың талап-тілегін тыңдады
15.04.2025 18:50:10 132Әкімдіктің кіші залында аудан әкімі қоғамдық қабылдау жүргізіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі көпке ортақ мәселелерді қозғап, ұсыныстарын жеткізді.
Олардың қатарында, наубайханаларға керекті ұн бағасын төмендету, балық шаруашылығын дамыту, Сеңкібай ауылындағы лотоктарға көпір салу, жайылым тапшылығы, электр желілерінің тозуы, Бурыл ауылындағы көпірлерді ретке келтіру, тазалау жұмыстарын жүргізу, күл-қоқыс тасымалдау, Көктал ауылындағы ескі мектептің жай-күйі, интернет желісі, Түймекент ауылында жүргізілетін канал құрылысы, Үшбұлақ елді мекеніндегі жолды ағымдағы жөндеу, балалар ойын алаңын салу, «Тараз-Байзақ» бағытында қатынайтын қоғамдық көлік қатынасы бар. Сондай-ақ, баспана мәселесіне қатысты бірқатар тұрғындар өтініштерімен қайырылды.
Тұрғындардың көтерген мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы Заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, қоғамдық қабылдауда көтерілген кейбір мәселе зерделеуді қажет ететіндіктен бақылауға алынатындығын жеткізіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Ақпараттық медиа орталығы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/973787?lang=kk