Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
15.04.2025 18:50:12 66
Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ТЖМ Есет Көкіұлы атындағы №20982 әскери бөлімімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Су айдындарына бақылау квадроциклдер мен су көліктері арқылы тиімді жүзеге асырылуда. Кезекті патрульдеу барысында адам көп жиналатын орындар мен шомылуға тыйым салынған аумақтар тексеріліп, жағада демалып жатқан тұрғындар мен балықшыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
ТЖМ судағы қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады!
Ақтөбе облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/973790?lang=kk