Туризм министрлігі әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізуді ұсынып отыр
15.04.2025 18:50:52 154ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжановтың айтуынша, оқиғалық туризмді дамыту үшін Қазақстан.трэвел туристік порталында іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі әзірленді. Оған туристерді қызықтыратын әр түрлі форматтағы іс-шаралар кіреді.
«2024 жылы осы күнтізбеге 137 іс-шара енгізіліп, оның 80%-ы Астана мен Алматыда өтті. Министрлік бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдармен бірге одан әрі жалғастырады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, іс-шаралар дәстүрге айналған әрі жұртшылық асыға күтетіндей болуы керек.
«Осыған орай әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізуді ұсынды. Бұл әр өңірдің туризмін ілгерілетуге оң әсер береді», - деді ТСМ өкілі.
@ortcom_kz #CCS
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974072?lang=kk