Спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға, оның ішінде жоғары жетістіктер спорты саласында бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы баспасөз релизі
15.04.2025 18:51:52 99
Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылғы 9 сәуірдегі отырысында спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға, оның ішінде жоғары жетістіктер спорты саласында бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері туралы Тексеру комиссияның мүшесі Е. Тұрлыбекұлы баяндама жасады.
Жүргізілген аудит негізінде Спорт және жастар саясаты саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым бойынша Кешенді жоспардың жоспарланған сегіз іс-шарасының тек екі нысаны ғана аяқталды, бұл Ұлытау облысындағы дене шынықтыру мен спортты дамытудағы прогрестің жеткіліксіздігін көрсетеді.
Спорт нысандарын салу мен аяқтаудағы кідірістер, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы түзету қажеттілігі кешенді жоспарды іске асыруда елеулі проблемалардың бар екендігін көрсетеді, бұл өңір халқы үшін спорт инфрақұрылымының қолжетімділігіне теріс әсер етуі мүмкін.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жоғары деңгейлі спортшыларды даярлауда маңызды рөл атқарады, бірақ олардың тиімділігі жеткіліксіз қаржыландырумен, инфрақұрылымның төмен сапасымен және жаттықтырушылардың біліктілігімен шектеледі. Дайындық жүйесінің табысты жұмыс істеуі үшін осы мекемелердің дамуына инвестиция салу және жаттықтырушылар құрамының кәсібилік деңгейін арттыру қажет.
Спорт нысандарының тозуы спортқа қосымша кедергілер тудырады және спортшылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Инфрақұрылымды жаңарту және спортшылардың мүдделері мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған заңнамалық бастамаларды әзірлеу бойынша шаралар қажет.
Мемлекеттік аудитпен 5 объект қамтылды. Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт ұйымдарына аудитпен қамтылған бюджет қаражатынан бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша 3 527 064,8 мың теңге көлемінде жалпы сомасы 1 587 016,2 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар - 6 814,0 мың теңге;
- бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану - 16 533,0 мың теңге;
- бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлау - 1 559 818,1 мың теңге;
- шығындар мен жоғалған пайда - 3 851,1 мың теңге.
Бұдан басқа, рәсімдерді орындау тәртібінің 35 бұзылуы және 25 жүйелік кемшіліктері анықталды.
4 объектіде (19 факт) әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталып, лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне берілді.
Бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке – 1 442,9 мың теңге, есепке алу бойынша қалпына келтіруге – 5 371,1 мың теңге өтелуге жатады.
Аудит барысында және отырысқа дейін – 1 243,0 мың теңге өтелді, есепке алу бойынша – 5 371,1 мың теңге немесе 100 % қалпына келтірілді.
Өтеуге қалдық 199,9 мың теңге.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітіліп, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және оларға ықпал ететін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomulytau/press/news/details/974525?lang=kk