Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
15.04.2025 18:52:53 121Қазақстан Республикасының 5 шілде 2024 ж. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының 17 сәуір 1995 ж. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеуге қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді.
Осы өзгерістерге сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің хабарламалық тәртібінің күші жойылды, заңды тұлғаның құрылтайшысы –шет елдік азамат болған жағдайда, қосымша немесе шетелдіктің заңды тұлғасына қатысушылар құрамына кіру кезінде, заңды тұлға құру немесе шетелдіктің заңды тұлғасына қатысушылар құрамына кіру кезінде резидент бизнестердің бизнес-виза мен бизнес-иммигрант ретінде уақытша тұруға рұқсат беруін резидент емес бизнестердің бизнес-виза мен бизнес-иммигрант ретінде уақытша тұруға рұқсат беруі көзделген.
Сол сияқты, Заңның 9 б. Өзгерістер енгізіліп, бабтың 1 тармағында тіркеу 1 сағатта жүзеге асыру қарастырылған болса, аталған Заңмен бұл мезім 1 жұмыс күніне деп өзгертілген.
Бұдан басқа, мемлекеттік тіркеу туралы Заңның 11 бабына сәйкес, тіркеуден бас тартудың бір негіздемесі болып мыналарды:
- нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың, сондай-ақ "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;
- құрылтайшы шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесінің немесе басқа да заңдастырылған құжаттың көшірмелерін ұсынбау.» қарастырылған.
Бұл өзгерістер қолданыста 2025 жылдың қантар айынан бастап енгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/974776?lang=kk