Қаратал ауданындағы мектептің күрделі жөндеуіне мониторинг

Қаратал ауданындағы мектептің күрделі жөндеуіне мониторинг

15.04.2025 18:53:14 77

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті әлеуметтік нысандардың құрылысына мониторинг жүргізуде.

Әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылау шеңберінде, ағымдағы жылдың 11 сәуірінде мониторингтік топ Қаратал ауданының Тастөбе ауылына барды, онда Жамбыл атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Мониторингке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Тимур Темірәлиев, Жетісу облысы құрылыс басқармасының өкілдері, «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС мердігер ұйымы, техникалық және авторлық қадағалау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер қатысты.

Тексеру барысында Жетісу облысы құрылыс басқармасының өкілдері қазіргі уақытта ғимаратты күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Мердігер ұйым – «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС анықталды, жөндеуге шамамен 1,5 млрд теңге бөлінді.

Күрделі жөндеу 2025 жылдың үшінші тоқсанында толық аяқталады деп күтілуде.

Осындай мониторингтерді жүйелі түрде жүргізу бюджет қаражатының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Азаматтық белсенділер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің мұндай іс-шараларға қатысуы қоғамдық өмірдің барлық саласында адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды фактор болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/974903?lang=kk