«Бастауыш сыныпта құндылыққа бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру» облыстық тәжірибелік семинар

«Бастауыш сыныпта құндылыққа бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру» облыстық тәжірибелік семинар

15.04.2025 18:54:19 121

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 11 сәуірінде Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №45 орта бейіндік мектебі базасында «Бастауыш сыныпта  құндылыққа бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.

Семинардың мақсаты-бастауыш сынып мұғалімдеріне құндылыққа бағдарланған білім беру тәсілдерін таныстыру, тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру және  оны оқу процесіне тиімді енгізу жолдарын көрсету.

Семинарда №45 орта бейіндік мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері құндылыққа бағдарланған  білім   беру тәсілдерінің  жүзеге  асыру  жолдарын  көрсетіп, іс -тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға облыстағы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/975147?lang=kk