Жұмыс кездесуі
17.04.2025 23:50:51 2795
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 23 қазанында «Zoom» платформасы арқылы Әділет департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ж.Ж. Казбаева мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында жеке сот орындаушыларының 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелік көрсеткіштеріне қол жеткізу мәселелері қаралды, сондай-ақ сот шешімдерін орындау барысындағы проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушылар жеке сот орындаушыларының қызмет тиімділігін арттыру, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және атқарушылық іс жүргізуге цифрлық құралдарды енгізу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1092936?lang=kk