Кітапхана түні -2025
28.04.2025 04:14:37 418
Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында аудандық орталық кітапханада кітап оқуды, шығармашылықты сүйетін, білімге құштар жандар үшін – «Кітап шоу-2025» кітапхана түні мерекесі өтті. Қонақтарға қызықты оқиғалар, интерактивті аймақтар және, әрине, қызықты, тартымды кітаптар ұсынылды! Бұл мерекеге ең кішкентай оқырмандардан бастап кітапхананың тұрақты достарына дейін барлық жастағы адамдардың қатысқаны ерекше қуантады. «Кітап шоу-2025» бірнеше тақырыптық станцияларды қамтыды, олардың әрқайсысы маңызды датаға немесе бағытқа арналған: «Абай жолы» станциясы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналды. Мұнда қонақтар Ұлы ақынның портреті бейнеленген инсталляцияны тамашалап, оның өлеңдері мен ұлағатты сөздерін тыңдады. Жүргізушілер Абайдың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның мұрасының байлығын, қазақ мәдениетіне ықпалын аша түсті.
«Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығы құрметіне» станциясы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі мен қайсарлығын еске алды. Қатысушылар Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспанова сияқты батырлардың есімдерін еске алды. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы фильмдер мен әндер, өлеңдер, батыр қалалар, техника, қару-жарақ туралы сұрақ-жауаптар дайындалды. Бұл станция ата-бабаларымыздың ұлы ерлігін жарқын еске түсірді.
Өлкетану станциясында «Шабыт алар туған жерім» тақырыбында аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Зыбалева Айман Астанқызымен шығармашылық кездесу өтті. Өз шығармашылығымен бөліскен кейіпкер өлеңдерін оқыды.
«Жұмысшы мамандықтар» жылына арналған «Өз ісінің шебері» станциясы қатысушыларға өздерін түрлі кәсіп өкілдерінің рөлін көрсетті. Мысалы, үй құрылысында бояушы ретінде сезініп, түрлі бояулармен бояп, жұмбақтар шешуге мүмкіндік болды.
«Кітап және өнер» станциясын Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері – Айбек Балтабаев таныстырды. Музыка мен әдебиетті біртұтас мәдени кеңістікте байланыстыра отырып, домбыраның қазақ рухы мен мәдениетінің символы екендігін айтты. Нақышына келтіріп бірнеше күйлер орындалды.
Аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері балаларға ұлттық ою-өрнектерді жасаудан «Ұлы даланың ою-өрнегі» атты шеберлік сыныбын дайындады. Әр қатысушы тек қиып қана қоймай, өзінің ерекше үлгісін ойлап таба алды.
Соңғы бекет «Кітапты тақырып бойынша тап» болды. Үстелге әртүрлі заттар қойылды, олардан әдеби шығарманың атауын және оның авторын болжау керек болды. Қатысушылар бұл тапсырманы оңай орындап, кітаптарды жақсы меңгергендерін көрсетті.
Кітапханаға кіре берісте әрбір қонақ естелік суретке түсіп, осы жарқын мерекенің бір бөлігін үйіне алып кететін фотоаймақ орнатылды. «Кітап-шоу 2025» барлық қатысушыларға үлкен қуаныш, жаңа білім және жақсы көңіл-күй сыйлады. Барлық қонақтарға қатысқандары үшін, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыруға көмектескен әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз. Жарқын күндерде кітапханамызда кездескенше!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/982862?lang=kk