Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады

28.04.2025 04:35:22 198

Қазіргі уақытта жекелеген кәсіпкерлер сатылған тауар (көрсетілген қызметтер) үшін қолма-қол ақшамен төлеуді талап ете отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тартқан жағдайлар орын алуда.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады, өйткені "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларында төлемнің әртүрлі тәсілдері – банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен көзделген (25-бап).

Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген: бірінші рет ескерту, қайталап бұзған жағдайда – 40 АЕК (157 280 теңге) мөлшерінде айыппұл (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 194-бабы).

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы Мемлекеттік кіріс органдарына жүгіну қажет, сондай-ақ "e-Otinish" порталы арқылы растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып өтініш беруге болады.

Тауарлардысатунемесеқызмет көрсету кезінде кәсіпкерлерсатып алушыға фискалдықчекберугеміндетті.Фискалдықчектібермеудеәкімшілікжауаптылыққаәкеп соғады:ескерту,қайталапбұзылған жағдайда – 20-дан40АЕК-ке дейінгімөлшердеайыппұл(ҚРӘкімшілік құқық бұзушылықтуралыКодексінің284-бабы).

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/983184?lang=kk