Федоров ауданында азаматтарды қабылдау
28.04.2025 21:30:13 176
2025 жылдың 25 сәуірінде «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» Федоров ауданының азаматтарын қабылдады.
Бұл кездесу азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуге бағытталған. Қабылдау барысында азамат меншік құқығын белгілеу, мұраны рәсімдеу, алимент өндіріп алу бойынша сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Ауылдық округ азаматтарымен көшпелі кездесу халықпен кері байланысты күшейтуге және азаматтардың сауалдарына уақытылы ден қоюға көмектеседі.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/985029?lang=kk