АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДІКТЕРІНІҢ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДІКТЕРІНІҢ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.05.2025 00:54:52 165

       Бүгін Түркістанда «Облыс аумағындағы елді мекендердің мобильді және үй жағдайындағы интернеті, бейнебақылау камераларын орнату және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін талқылау» бойынша оффлайн форматта мәжіліс болды.

       Ісшара Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Фаритұлының төрағалығымен өтті. Жиынға 17 аудан, қала әкімдіктерінен цифрландыру саласына жауапты қызметкерлер қатысты.

       Басқосуда облыс аумағындағы мобильді интернет желісінің қазіргі таңдағы жағдайы мен даму жолдары және тұрғын үйлерді интернет желісімен қамту туралы «Телекоммуникация және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау» бөлімінің басшысы Шәкәрім Еркебек кеңінен талқылады. Сондай-ақ бейнебақылау камераларын орнату бойынша мәселелерді ортаға салды.

       Одан бөлек қоғамдық мониторинг жөнінде «Телекоммуникация және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау» бөлімінің бас маманы Ақерке Байдуллаева баяндады. Айтуынша 2024 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша 26 032 264 қызмет көрсетіліп, оның 96,8 пайызы электронды түрде көрсетілсе, 3 пайызы баламалы негізде, ал 0,9 пайызы қағаз түрінде көрсетілген.                                   Аудан,қала әкімдіктерінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілгеннен кейін шараға “Транстелеком”, “Freedom Telecom”, “Jusan Mobile”, “Kcell”, “Tele2”, “Activ”, “Beeline” ұялы байланыс операторлары арнайы шақыртылды. Олар келушілерге радиожоспарлау жұмыстары қалай жүргізілетіндігі және техникалық мүмкіндігі жоқ елді мекендерге интернет жеткізу мәселелерін тарқата түсіндіріп, тұрғын үйлерді интернет желісімен қамту жұмыстарын талқылады.
       Шара барысында жиналған көпшілік байланыс операторларына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/987866?lang=kk