Халықаралық мүгедектер құқығы үшін күрес күні
09.05.2025 06:32:28 66
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Кемсітпеушілік пен құқықтар теңдігінің конституциялық кепілдіктері мүгедектердің құқықтарын қолдау және құрметтеу жөніндегі, оның ішінде кедергісіз орта құру, инклюзивті білім беру, әлеуметтік қолдау және т.б. бағыттарды қамтитын мемлекеттік саясаттың негізін құрайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты өз қызметі шеңберінде мүгедектігі бар азаматтардың бірқатар өтініштерін қарады және бекітілген конституциялық кепілдіктердің үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер қабылдады.
Мысалы, 2024 жылғы 26 шілдеде конституциялық бақылау органы № 50-НҚ нормативтік қаулысын қабылдады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/697428?lang=kk, оған сәйкес сот шешіміне шағымдану сатысында мемлекеттік баждан босатуды тек талапкер ғана емес, сонымен қатар жауапкер болып табылатын мүгедектігі бар азаматтар алуға тиіс. Қазіргі уақытта бұл норма Парламент Мәжілісі бірінші оқылымда мақұлдаған жаңа Салық кодексінің жобасында Конституцияға сәйкес келтірілген.
Сондай ақ, Конституцияға сәйкестігін тексеруді бастау прокурорлық тексеруді және уәкілетті министрліктің https://t.me/consot_kz/1274 мүгедек адамдардың теміржол көлігіне отырғызу кезінде қосымша құжат ұсынуы туралы бұйрық деңгейіндегі заңсыз талапты жоюды ынталандырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/990072?lang=kk