Отан қорғаушылар күнін Бейімбет Майлин ауданында мерекелік концертпен атап өтті.

Отан қорғаушылар күнін Бейімбет Майлин ауданында мерекелік концертпен атап өтті.

09.05.2025 13:11:22 44

Салтанатты шара мереке қарсаңында 6 мамыр күні Елубай Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде өтті.
Әскери киім киген азаматтар әрдайым өз халқына намыс, ерлік, батылдық, патриотизм және жанқиярлықпен қызмет етудің көрінісі болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы сахнаға салтанатты шығарылғаннан кейін әскери адамдарға, сондай-ақ салтанатқа келген көрермендерге аудан әкімі құттықтау сөз сөйледі. Бұл күні облыс әкімінің және аудан әкімінің құрмет грамоталарымен, сондай-ақ аудан әкімінің алғыс хаттарымен ауданның бірқатар тұрғындары марапатталды.
Мерекелік шараның басты қонақтарын вокал шеберлері мен "Даймондс" хореографиялық ұжымы өз өнерлерімен қуантты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/990839?lang=kk