Самар ауданы агроөнеркәсіп секторындағы позициясын нығайтып келеді
09.05.2025 17:33:30 77
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданындағы өсімдік және мал шаруашылығына маманданған «Қалисатарұлы» шаруа қожалығына барды.
Шаруа қожалығы бидайдың «Алтайская-325» сорты, «Ілек» арпасы мен «Скакун» сұлысы сияқты дәнді дақылдарды өсірумен белсенді айналысады. Сонымен қатар, мал шаруашылығы да дамып келеді — ірі қара мен жылқы басы артуда. Жалпы жер көлемі 2 360 гектарды құрайды, оның ішінде егістік, жайылым және шабындық алқаптар бар.
Нысанды аралау аграрлық сектордың әлеуетін бағалауға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болды. Аумағы 5,5 мың шаршы шақырымды құрайтын Самар ауданы 8 ауылдық округ пен 22 елді мекенді қамтиды. Аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды: биыл аграрлық, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі 1 257,7 млн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,6% өсімді көрсетіп отыр.
Облыс әкімі аграрлық секторды әрі қарай дамыту маңызды екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/991301?lang=kk