ШҚО әкімі Самар ауданының тыл ардагері Курме Жетеневаға мерейтойлық медаль табыстады

ШҚО әкімі Самар ауданының тыл ардагері Курме Жетеневаға мерейтойлық медаль табыстады

09.05.2025 17:33:32 55

Самар ауданына барған жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тыл ардагері Курме Жетеневаға Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалін жеке өзі табыстады.

Курме Жетенева 1926 жылғы 15 желтоқсанда Катонқарағай ауданына қарасты Коробиха ауылында дүниеге келген. Бастауыш сыныпты аяқтағаннан кейін тракторда механизатор болып еңбек еткен. 1941 жылы Жетенев Зарлықанға тұрмысқа шығады. Ол «Ана даңқы» орденімен марапатталған, 10 бала өсіріп-тәрбиелеп өсірді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбегі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталған.

Медальді табыстай отырып, Нұрымбет Сақтағанов Курме Жетеневаны Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, соғыстың аяқталуына қосқан жанқиярлық үлесін атап өтті. Мұндай адамдардың ерлігі тек майданда ғана емес, тылда да Жеңісті жақындатқанына ерекше тоқталды. Өңір басшысы ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/991290?lang=kk